Спорт

Трамп трансгендерлерге әйелдер спортында сайысуға тыйым салды

АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер сайысына қатысуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Бұған дейін ол заңнамалық деңгейде тек екі жынысты бекіткен еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы DW сілтеме жасап.

Ол қазір «әйелдер спортына тек әйелдерге арналады» деп атап өткен.

Бұл жарлық әйелдер спортындағы соғысты аяқтайды, — деді ол спортшылар ортасында.

Трамп қол қойған құжатқа сәйкес, трансгендерлерге әйелдер сайысына қатысуға мүмкіндік беретін мектептер мен университеттерге мемлекет қаржы бөлмейді.

Трамп бұл шараларды 2028 жылғы Олимпиадаға енгізуді жоспарлап отыр.

АҚШ президенті сондай-ақ мұндай тәжірибені Лос-Анджелестегі 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына енгізбек.

2028 жылы Лос-Анджелесте менің әкімшілігім әйел спортшыларды еркектердің ұрып-соғып жатқанына қарап отыра алмайды, — дейді Трамп.

Трамп оның әкімшілігі «өзін спортшы ретінде көрсете отырып, Америка Құрама Штаттарына алаяқтық жолмен кіруге тырысатын ер адамдардан барлық визалық өтініштерді қабылдамауға» ниетті екенін айтты.

Трансгендерлерге қарсы жарлыққа Трамп қызметке кіріскеннен кейін бірден 20 қаңтарда қол қойды.

Құжатқа сәйкес, АҚШ билігі адамның туған кездегі жынысын ғана таниды, трансгендер әйелдерді ерлер түрмелеріне жібереді, ал мемлекеттік мекемелердегі трансгендер қызметкерлер туған кездегі жынысына қарай дәретханаларды пайдалануы керек.

Другие новости

Back to top button