Госорганы

Үкімет жұмыс берушілердің әлеуметтік салығы мен зейнетақы жарналарын өз мойнына алады

Үкімет Қазақстандағы жұмыс берушілердің әлеуметтік салықтары мен зейнетақы жарналарын өз мойнына алмақ, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай мәлім етті.

«Егер қосымша құн салығы өссе, жалақы қорына түсіп отырған салмақты әлеуметтік салық пен міндетті зейнетақы жарнасын жою арқылы 10 пайыз азайтып, 30 пайызға жеткізуге дайынбыз. Ол шығындарды бюджет өз мойнына алады», — деді Жұманғарин.

Другие новости

Back to top button