Павлодарская область

Екібастұзда егде жастағы тәрбиеші баланы көрпемен тұншықтырып ұйықтатпақ болған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Екібастұздағы балабақшада болған жағымсыз жайттың видеосы тарады: егде жастағы, басына шырт тартқан тәрбиеші ұйқысы келмеген баланың бетіне көрпе жауып, тұншықтырып, ұрып ұйықтатпақ болған, деп жазады Azattyq Rýhy «Наша жизнь» сайтына сілтеме жасай отырып.

Екібастұздың білім басқармасы осы оқиғаға қатысты редакция сауалына төмендегідей жауап берді

«Оқиға жекеменшік балабақшада болған. Қазір тергеу жүріп жатыр, соның қорытындысына қарай шешім қабылданады», — деп хабарлады қалалық білім беру бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

Айта кетейік, күні кеше біз Мұғалжардағы балабақшада болған сұмдық мәліметті жазған едік.

Другие новости

Back to top button