Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшіктер Қазақстанға жеткізілді
Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық AZAL ұшағының қара жәшіктері Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
— Сол күні (ұшақ апаты болған күні – ред.) ұшақтың апатқа ұшырауын тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оның құзыретіне борттық өздігінен жазғыштардың (қара жәшіктің) шифрын ашу кіреді. Чикаго комиссиясының Халықаралық Азаматтық авиация туралы” өзге де халықаралық стандарттарында қара жәшіктер Бразилия тарапынан алынып, қорытынды беру үшін комиссияға берілді, — деп хабарлады Ресейдің Бас прокуратурасы.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта іс бойынша толық және жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Құқықтық ынтымақтастық аясында Әзербайжан мен Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмалары жолданды.
“ҚАРА ЖӘШІКТЕН ҚЫЗЫҚ ДЕРЕКТЕР ШЫҚТЫ”
Күні кеше Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшағының “қара жәшіктерінен” алынған ақпаратқа қатысты пікір білдірген болатын.
Лавровтың айтуынша, ұшақтағы жазбаларда “қызық мәліметтер” анықталған. Оның сөзінше, кейбір деректер бұған дейін БАҚ-та тараған апат туралы мәлімдемелерді растамайды. Алайда нақты қандай ақпарат бар екені ашып айтылмады.
— Бразилияда арнайы кездесу өтті, “қара жәшіктер” ашылды. Олардың мазмұны біраз маңызды мәліметтер берді. Толыққанды тергеу нәтижесін күту керек, ақпарат кеңістігінде жағдайды ушықтырудың қажеті жоқ, – деді Лавров баспасөз конференциясында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бразилия Қазақстанға қара жәшікті зерттеу қорытындысын бергені белгілі болған еді. Себебі Бразилияда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін талдау аяқталған.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Бразилияның әуе күштері Embraer ұшағының қара жәшіктерін талдауды аяқтап, материалдарды Қазақстанға жіберген.
Материалды Бразилияның үш тергеушісі, сондай-ақ Әзербайжан мен Ресейдің агенттері талдаған.
Апатты талдауға және тергеуге жауапты мекеме қара жәшіктегі материалдарды қазақстандық авиациялық апаттарды тергеу органына жіберді және апат туралы қорытынды есеп жарияланады.