Госорганы
Қазақстанда салынатын АЭС-ке қандай мамандар қажет
Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Қазақстандағы тұңғыш атом электр станциясына қандай мамандар қажет болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атом электр стансаларының құрылысын қолдау мақсатында отандық колледждер базасында атом электр станцияларына кадрлар дайындайтын арнайы мамандықтар құрылады», — деді энергетика министрі.
Министрдің айтуынша, атом электр станцияларында мына мамандықтар сұранысқа ие болады:
- дозиметр;
- бу турбинасы жабдықтарын жөндейтін слесарь;
- атом электр станцияларының механикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу маманы;
- атом электр станцияларындағы ақпараттық технологиялар саласындағы маман және т.б.
Сонымен қатар, электротехника колледждері Ұлттық ядролық орталықпен және Ядролық физика институтымен тығыз байланыста жұмыс істейді, онда студенттер тәжірибелік сабақтардан өте алады.