Шымкент

Жиһадқа қатысып, шаһид болуға шақырған: Шымкентте ер адам 5 жылға сотталып кетті

Шымкентте жиһадқа шақырып, шаһид болу үшін хижрет жасауға шақырған ер адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың анықтауы бойынша, сотталушы 2024 жылдың шілде айында моншада М., Е. және Ж.-мен кездесіп, оларды «Мұсылман бауырлар» (әл-Ихван әл-Муслимун) террористік ұйымын қолдауға, шаһид болып, жиһадқа қатысу үшін хижрет жасауға шақырады.

«Сот, А.-ны ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — деп хабарлады сотта.

Другие новости

Back to top button