ҚауіпсіздікҚауыпсіздікОтношенияСоциум

Түркияда қару-жарақ зауыты жарылып, 12 адам қаза тапты

Түркияның батысындағы Балыкесир провинциясындағы жарылғыш заттар зауыты жарылып, 12 адам қаза тапты. Тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Азаттыққа сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың қатты болғаны соншалық, оны көрші ауылдың тұрғындарына да сезінген. Жарылыстан кейін ғимараттың төбесі құлаған. Үйінділердің астындағы адамдар әлі іздестіріліп жатыр. Құтқару операциясына 112 жедел жәрдем бригадасы мен өрт сөндірушілер жұмылдырылған. Жарылыс өндірістік цехта болған. CNN хабарлауынша, зауытта ауысымда 20 адам жұмыс істейді. Жаңа жарылыс қаупі жоқ, деп хабарлады провинция губернаторы Исмаил Устаоғлы.

Жарылыстың себебі әлі белгісіз. Бірақ өңір басшысының айтуынша, диверсия туралы әңгіме жоқ. Прокурорлар тергеуді бастады.

Кәсіпорынның веб-сайтына сәйкес, зауытта, басқалармен қатар, аң аулау мен спортқа арналған оқ-дәрілер және азаматтық пайдалану үшін жарылғыш заттар шығарылады.

Другие новости

Back to top button