Госорганы

Дені сау, қысым көрмеген — Шерзат Полаттың әкесі 2 күннен кейін бостандыққа шығатын болды

Адвокаттар марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін Қаржаубайдың хал жағдайын білу үшін Қонаев қаласына келдік. Қазір көріп, қолын ұстап амандасып шықтық. Бәрі дұрыс, дені сау, ешкім қысым көрсетпеген. Тамақ беріп жатыр, жылы жерде отыр. Құдай қаласа, 25 желтоқсан түнде бостандыққа шығады», — деді адвокаттар.

Еске салсақ, 11 желтоқсанда Қаржаубай Нұрымов қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.

Другие новости

Back to top button