Абайская область
Шырша безендіруге Семейде үш мектептің мұғалімдерін апарған. Басқарма басшысы қызметінен кетті
Arnapress порталының жазуынша, бұл туралы Абай облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев айтқан.
Қызметтік тергеу барысында қаланың үш мектебінің мұғалімдері жаңа жылдық шыршаны орнатуға тартылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша осы мектептердің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Мәселе облыс әкімі мен білім министрінің бақылауында, — дейді Нұржан Ахметқалиев.
Бұған дейін Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктіктен құлап зардап шеккенін жазғанбыз. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жағдайға байланысты пікір білдіріп, ұстаздарды міндетіне кірмейтін қызметке жұмсауға болмайтынын ескертті.