Госорганы
Сирияда Қазақстанның 33 азаматы бар, оның көбі – әйелдер (ВИДЕО)
Қазір Сирияда Қазақстанның 33 азаматы тұрып жатыр, оның көбі әйел адамдар. Бұл туралы бүгін сенатта сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Журналистер Сириядағы билік төңкерісі кезінде Қазақстан азаматтарының жағдайы не болады деген сұрақ қойған.
«Сириядағы, жалпы, Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталды деп айтуға болады. Ол жақта жылдар бойы тұрып келе жатқан, тұрмыстағы әйелдер мен балалар бар. Қазір олармен байланыстамыз. Олар кез келген ақпарат құралын пайдаланып, Консулға хабарласа алады. Консул біздің сыртқы істер министрлігіне байланысқа шығады», — деді ол.
Журналистердің нақты неше адам деген сұрағына жауап берген Бақаев «қателеспесем, 33 адам бар. Одан аспайды. Осы 33 кісімен байланыстамыз», — деп жауап берді.