ҚауіпсіздікҚауыпсіздікОтношенияСоциум

Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ және жел күтіледі

Бүгін еліміздің көптеген өңірлерінде бұрқасын, көктайғақ және тұман сақталады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 28-30 м/с дейін күшейеді. Әсіресе, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан және басқа да облыстарда ауа райы қолайсыз болмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, күндіз бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жезқазған қ.: 19 желтоқсанда бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығытан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Қарағанды қ.: 19 желтоқсанда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығытан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде Батыс Қазақстан облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 19 желтоқсанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кұші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 19 желтоқсанда бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20, күндіз облыстың батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 19 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Күндіз жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: 19 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 19 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 19 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысы

Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 19 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 19 желтоқсанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 19 желтоқсанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 19 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 19 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с.

Астана

Астана қ.: 19 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысы

19-20 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Другие новости

Back to top button