ҚауіпсіздікҚауыпсіздікОтношенияСоциум

«Украина тек бастамасы». Путинмен шынайы келіссөз жүргізу мүмкін емес – экс-елші

Батыс ұғымындағы келіссөздер – сенімге негізделген және адал компромисс іздейтін келіссөздер – Владимир Путинмен және Кремльмен мүмкін емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Би-би-си подкастында АҚШ-тың 2019-2022 жылдары Мәскеудегі елшісі, Дональд Трамп пен Джо Байден әкімшіліктері кезінде қызмет атқарған Джон Салливан мәлімдеді.

– Мені дұрыс түсініңіз: біз ресейліктермен сөйлесуіміз керек, өз ұстанымымызды түсіндіруіміз керек, әрі олардың бізге не айтатынын тыңдау маңызды. Бірақ бұл шынайы келіссөздер емес! Путин не айтады, қандай компромисске баруға дайын? Ешқандай! Ол өзінің әскери мақсаттарына қатысты, яғни Украинаны «денацификациялау» және «демилитаризациялау» жөнінде ешқашан ымыраға келмейді. Ал Украина тек бастамасы, – деді Салливан.

АҚШ-тың Мәскеудегі бұрынғы елшісінің пікірінше, егер фронттағы жағдай оны тыныстап алуға мәжбүр етсе, Путин атысты тоқтатуға келісуі мүмкін, бірақ бұл тек уақытша үзіліс болады.

– Егер сіз Путинмен келіссөздер жүргізуді Батыс түсінігіндегідей елестетсеңіз, онда сізді сәтсіздік күтіп тұр, – деді америкалық дипломат.

Бұған дейін Путиннің Украина бойынша «бейбіт» жоспары елді үш бөлікке бөліп, оккупацияны жалғастыруды көздейтіні хабарланғанҚұпия құжаттан белгілі болғандай, Кремль Украина территориясын үш бөлікке бөлуді жоспарлап отыр. Елдің шығыс бөлігі (Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстары) және Қырым Ресейге берілуге тиіс.

Елдің екінші үлкен бөлігін (Киев, Сумы және Одесса облыстарын қоса алғанда) «проресейлік мемлекеттік құрылымға» айналдыру жоспарлануда. Бұл аймақтағы билік құрылымдары проресейлік кадрлармен толықтырылады, ал Ресей әскері бақылау үшін осы территорияда орналастырылатын болады.

Құжатта батыс Украинадағы қалған бөлік «даулы территориялар» деп аталады. Олардың тағдырын Ресей мен көрші елдер – Венгрия, Польша және Румыния арасындағы келіссөздер барысында шешу жоспарлануда.

Другие новости

Back to top button