Социум
«Қазақша сөйле»: күйеуінен «таяқ жеген» блогер-педиатрдың әзілі қоғамның ызасын тудырды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде блогер педиатр Зарина Слямованың түсірген видеосы жұрттың талқысына түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода күйеуі әйелін ұрып жатқан кезде қайын атасы келіп, «қазақша сөйле» дейді. Бұл оқырмандардың шамына тиіп, авторларға тұрмыстық зорлық-зомбылықты құнсыздандырып тұр деген айып тағылды.
«Бұл роликте күлейтіндей дүние көріп тұрған жоқпын. Еркек әйелге қол көтеріп жатыр, бұл айыптайтын дүние. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты насихаттап тұрған адамдарды айыптаймыз, авторлар бұл видеоны жүктемес бұрын ойландыңыздар ма?», — деп жазды олар.