Спорт
«Легионерлер қаржыландырылмайды»: министр заң аясындағы жаңашылдық жайлы айтты
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ұлттық құрамадағы легионерлер қаржыландырылмайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Заң бойынша енді мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар легионерлерді қаржыландырмайды. Ұлттық құрамада заң бойынша бізде легионерлер жоқ. Еліміздің азаматтығын алған соң өнер көрсететін спортшылар бар. Ал клубтар бойынша заң аясында легионерлер қаржыландырылмайды», — дейді Мырзабосынов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында.
Министрдің айтуынша, клубтар халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болуы үшін спортшыларды тартады.
«Ал біз клубтар да ұлттық құрамаға негізгі тірек ретінде қызмет еткенін қалаймыз. Олар ұлттық құрамамен тығыз байланысты болып, біздің жас спортшылар ол клубарға қосылуға ұмтылуы керек. Біз осы мақсатты көздеп отырмыз», — дейді министр.