Госорганы

1 миллион қазақстандыққа 5 жыл ішінде жасанды интеллект технологиясы оқытылады

Министр жасанды интеллектпен кімдер оқытылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Біз 5 жыл ішінде 1 миллион адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда 500 мың оқушы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметкер, 80 мың кәсіпкер мен халықтың 30 мың басқа санаты болады”, — деді министр.

Қазіргі уақытта министрлік мектеп оқушыларына арналған Tumo креативті технологиялар орталығын қоса алғанда, білім беру жобаларын іске қосу үстінде.

“Сондай-ақ қазан айында АИ саласындағы мамандарды даярлау үшін өңірдегі алғашқы TomorrowSchool жасанды интеллект мектебі ашылды. Осы бастамалардың барлығы еліміздің адами капиталын дамытуға, таланттарды анықтауға және IT-саланың дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді”, — деп толықтырды Жаслан Мәдиев.

Другие новости

Back to top button