Актюбинская область

Ақтөбе облысында балабақша бухгалтері 54 млн теңге жымқырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасымен мектепке дейінгі ұйымдарда 54 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас прокуратураның мәліметінше, «Балауса», «Гүлдер», «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған.

«Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабының 2 және 4-бөліктерімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде «Шапағат» және «Арай» балабақшаларының бухгалтерлерімен жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам шығындарды өтеулеріне байланысты, қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, «Балауса» және «Гүлдер» балабақшаларының бухгалтерімен 49 миллион теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында білім бөлімінің лауазымды тұлғалары жұмыс істемеген тұлғалар мен жеке шоттарға жалақыны заңсыз аударып келгенін жаздық. Олар осылайша мемлекеттік бюджетке 3,7 миллиард теңге көлемінде залал келтірді. Ұйымдасқан топ 12 қатысушыдан тұрған. Оның ішінде бөлім басшылары мен олардың бағынысты бухгалтерлері бар.

Другие новости

Back to top button