Мангистауская область

«ҚазМұнайГаз бері келген жоқ»: Жаңаөзенде жұмысшылардың ереуілде тұрғанына 10 күн болды

Жаңаөзендегі «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» компаниясының жұмысшылары Ulysmedia.kz тілшісіне әлі де наразы болып тұрғандарын хабарлады.

ҚАЗМҰНАЙГАЗДАН ЕШКІМ КЕЛГЕН ЖОҚ

– Әлі де тұрмыз. Наразы болып тұрмыз. Ереуіліміз жалғасып жатыр. ҚазМұнайГаз (өкілдері) бері қарай келген жоқ. Ешқандай хабар да келмеді. Бұрынғыдай талаппен тұрмыз, – деді

12 қарашада кешке Жаңаөзенде «Өзенмұнайгазға» қарасты «Бұрғылау жұмыстары басқармасы»(БЖБ) компаниясының жұмысшылары жұмысты тоқтатып ереуілге шыққан.

БЕС ТАЛАП

  • «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» комнаиясының жұмысшылары басшылыққа бұған дейін бес талап қойған. Сол талаптарынан айнымаған:
  • ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа алу;
  • Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу;
  • Ұжымдық шартта 2013 дейін болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтару;
  • машинистер мен операторлардың дәрежесін көтеру;
  • 30% қосымша жалақы тәртібін төлеуді ұжымдық шартқа енгізу.

Осыдан кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы «Өзенмұнайгаздың» наразы жұмысшыларының талабына жауап берген болатын.

Другие новости

Back to top button