ГлавноеГосорганы

Қазақстанда уақыт белдеуі әсерін зерттеуге 160 млн теңге жұмсалады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек уақыт белдеуі ауысымының қазақстандықтарға әсерін зерттеуге бюджеттен 160 млн теңге бөлінетіні айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясат Нұрбек зерттеу үшін үш жылдық бюджетке 160 миллион теңге өтінім берілгенін хабарлады. Алайда айтуынша нақты сома одан аз болуы мүмкін.

– Өтінім үш жылдық бюджетке 160 миллион теңге болды, бірақ іс жүзінде кемі жартысына кемиді деп ойлаймын. Шамамен 90-100 миллион, — деді ол.

Министр алдыңғы күні өткен жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысынан кейін конкурс жарияланатынын және оның негізінде ұлттық ғылыми кеңес нақты құнын анықтайтынын нақтылады.

Ол сондай-ақ әзірге зерттеудің егжей-тегжейі белгісіз екенін атап өтеді, өйткені өтінім енді ғана берілген. Конкурс өткізілген кезде зерттеудің нақты әдістері айқындалады. Зерттеуге физиология институты мен география институты сияқты бірнеше институттар қатысуы мүмкін. Сауалнамалар арқылы емес, басқа әдістерді қолдану арқылы жүргізілуі мәселе жан-жақты зерттелуі ықтимал.

ЖАҢА УАҚЫТ БЕЛДЕУІ

Қазақстан биыл 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. Алайда бұл барлық тұрғынға бірдей қолайлы болмай шықты. Қазақстандықтар тіпті уақытты кері қайтару туралы петиция жариялап, оған қысқа уақытта 50 мың қол жиналған. Мәжілістің бір топ депутаты да жаңа уақыт белдеуіне қарсы пікір білдірген.

Бірақ үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне өтудің дұрыстығын қайталаудан танбай келеді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің мәліметінше, қолданыстағы UTC + 5 сағаттық белдеуі Қазақстан аумағының көп бөлігіндегі табиғи күн циклдеріне сәйкес келеді.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтардың денсаулығына әсер етеді әрі электр энергиясын шамадан тыс тұтынуға алып келеді деген уәж расталмады деген.

Ал жақында Үкімет басшысы Олжас Бектенов бірнеше өңірдегі халықтың қарсылығына, депутаттардың мәлімдемесіне қарамастан Қазақстанның жаңа уақыт белдеуіне көшуін ғылыми тұрғыдан дұрыс шешім деп атады.

Другие новости

Back to top button