Қазақстанда алғаш рет такси нарығы қатысушыларының форумы өтеді
2024 жылғы 28 қарашада Алматы қаласында Қазақстанда алғаш рет «Такси Қазақстан 2024» форумы өтеді.
Таксимен тасымалдау – Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың алғашқы бес айында нарыққа қатысушылардың табысы 3 373,5 млн теңгені құрады. 28 437,5 мың адам тасымалданды.
Форумда талқыланатын тақырыптар:
- Такси нарығын реттеудің жоспарлары мен болашағы;
- Қазақстандағы такси нарығының болашағы;
- Салық салу және таксидегі платформалық жұмыспен қамту;
- Автопарктерді такси көліктерімен қамтамасыз ету;
- Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері;
- Такси саласын қаржыландыру және сақтандыру;
- Алматы қ. таксомоторлық паркін электрлендіру;
Форумның спикерлері:
Женис Мухиев – Қазақстанның Таксомотор саласы Қауымдастығының төрағасы, Тайыр Байдуйсен – Қазақстандағы Яндекс go басшысы, Улыбек Киманов – урбанист, Q88 Қауымдастығының мүшесі, ҚР Президенті жанындағы жастар кадр резервінің құрамына кіреді, Азамат Керімбаев – «Freedom Finance Insurance «СК» АҚ Басқарма төрағасы.
Форумның ұйымдастырушысы – «Қазақстанның таксомотор және жалға беру саласы қауымдастығы» РҚБ (ҚТЖБҚ). ҚТЖБҚ-ның 160 мүшесі бар және Қазақстандағы жетекші бейінді қауымдастық болып табылады.
Форумның технологиялық серіктесі – Яндекс Про, такси жүргізушілері мен курьерлеріне арналған кәсіби қосымша.
Іс-шараның аудиториясы – ҚТЖБҚ-ның 1000-нан астам мүшесі және ірі такси парктерінің, агрегаторлардың, автомобиль және лизингтік компаниялардың, автомобиль бөлшектерінің брендтерінің өкілдері.
Іс-шараны ұйымдастырушылар бизнес пен мемлекеттің коммуникациялары үшін, сондай-ақ Қазақстанда өсіп келе жатқан такси бизнесін дамыту үшін ең ірі жыл сайынғы алаң құруды мақсат етіп отыр.
Форум 28 қарашада Алматыда, «Атакент» ҚІЫО-ның 10 павильонында өтеді.
Тіркеудің басталуы 09:30-де.
Іс-шараға билетті форум сайтында сатып алуға болады.