Спорт
Бокс аңызы рингке оралды: Тайсон қарсыласын шапалақпен тартып жіберді
58 жастағы бокс әлемінің аңыз адамы, бұрынғы ауыр салмақтағы абсолютті чемпион Майк Тайсон (50-6, 44 КО) және 27 жастағы шоумен Джейк Пол (10-1, 7 КО) жекпе-жекке дейін салмақ өлшеп, көз арбасты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Жекпе-жек 16 қараша кешке болады. Тайсон Полдан ауырырақ болды. Ал блоегр ешқашан ауыр салмақта өнер көрсетпеген.
Салмақ өлшегеннен кейін Майк пен Джейк көз арбасуы керек еді. Бірақ бетпе-бет келгенде Тайсон жартылай Полдың бетінен шапалақпен тартып жіберді.
«Әңгімел аяқталды», — деді Майк көп ұзамай кетіп қалды.
Пол «мені ұрып жіберді, демек бұл жеке бастың жаулығы» деді.