TikTok желісінде Шымкентте егіз жігіттердің егіз қыздарға үйлену туралы ұсыныс жасағаны жайлы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қыздардың айтуынша, қыз-жігіт болып көңіл жарастырып жүргендеріне үш ай болыпты. Дегенмен, бір үйге келін болу туралы ойларына да келмепті. Ал сүйіктілерінен жасалған бұл ұсыныс күтпеген жағдай болды. Олар құрбыларымен бірге мейрамханаға баруды жоспарлаған екен.
«Бізге ұсыныс жасалатынынан хабардар болған жоқпыз. Құрбыларымызбен бірге мейрамханаға барамыз деп жоспарлағанбыз. Бізді алдап шақырды», — дейді егіздер «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында.
Асан мен Үсен есімді жігіттер 20 жасқа келгені, ал бойжеткен қыздар – Фатима мен Зәуре 18-де екені айтылды. Жігіттер қазір әскери салада білім алып жүр, қыздар – жалпы медицинаның студенттері.