Экология

CNN Балқашқа жеткізілген жолбарыстар жұбы туралы жазды

CNN Қазақстандағы Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығына сирек кездесетін сүтқоректілер, оның ішінде бұл мекенде бұрын-соңды кездеспеген жолбарыстар жерсіне бастағанын жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

CNN Амур жолбарыстарының жұбы Нидерланды қорықтарының бірінен жеткізіліп, Іле-Балқаш қорығындағы үш гектарлық жартылай табиғи қоршауға жіберілгенін атап өтті.

НЕГЕ АМУР ЖОЛБАРЫСТАРЫ

Дүниежүзілік табиғатты қорғау қорының (WWF) Tigers Alive бастамасының жетекшісі Стюарт Чепменнің сөзінше, Амур жолбарыстары Каспий аймағында бірнеше онжылдық бұрын жойылып кеткен жолбарыстарға сырт келбеті жағынан ұқсас болғандықтан таңдалған.

Ғалымдардың пікірінше, Балқаш өңірінде Амур жолбарыстары ыстық жазда және қыстың аязды суығында тіршілік ете алады.

“Богдан мен Кума есімді екі жолбарыс Нидерландтан Германия арқылы құрлықпен жеткізіліп, содан кейін жүк ұшағымен Қазақстанға алты сағат ұшып келіп, ары қарай тік ұшақпен қорығққа жеткізілген”деп жазды басылым.

АЛДЫН АЛА ӘЗІРЛІК

Богдан мен Куманы жаңа ортаға дайындау мақсатында бірнеше ай бойы жаттығудан өткізген. Оларды тасымалдау жәшіктеріне, қоршауда аң аулауды үйреткен. Бұл олардың жартылай жабайы қорық ортасына бейімделуіне көмектесуге тиіс дейді мамандар.

Қазақстанда 1950 жылдары жолбарыстарға аңшылық белең алып, олардың азық қорының азаюы олардың Каспий аймағында жойылуына алып келген.

Бұған дейін Балқашқа араға 70 жыл салып жолбарыстар оралғанын жазғанбыз.

Жаздың басында Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының қолдауымен Қазақстан Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Нидерландының Святой Льва орталығы арасында Меморандум жасалған. Оған сай, елге 2 жолбарыс ақысыз негізде берілген.

Другие новости

Back to top button