Белгілі ақын, сазгер Ақұштап Бақтыгереева халық әртісі Мақпал Жүнісоваға сақинасын сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Танымал ақын 80 жасқа толып, өнер өкілдерінің басын қосты.
“Айналайын, дами беріңдер! “Әкемнің құрдасының қолынан алдым” деп тағып жүр. Сенің бриллианттарыңнан қымбат емес шығар?! Бірақ көңілі мен жолы қымбат. Мақпал, бұл сақина саған емес, Мерейге беріп жатырмын. Болашақта қолынан тастамай тағып жүрсін! Менің батам мен алғысым осы. Аман болыңдар! Өзің де елдің батасын алып, жүре бер”, – деді ақын.
Халық әртісі жеке парақшасында алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
“Ақұштап апам Мерейге сақина сыйлады. Апамның абыройын, жасын берсін! Апамның ғасыр тойына жетуіне тілектеспін”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, «Бір шал бұйырып қалар» деп Мақпал Жүнісова тұрмысқа шығуға қатысты ойын бөліскен еді.