ГлавноеКультура

Сахнаға оң қолын байлап шыққан Димаш Құдайберген жанкүйерлерін алаңдатып қойды

Әлемге әйгілі әнші, Халық әртісі Димаш Құдайберген Алматыдағы АТР 250 сериялы теннис турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, ән шырқады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол «When I ‘ve Got You», «Weekend» хиттерін әуелетіп, «Ризамын тағдырға» әнін орындаған.

Алайда оның оң қолын ақ дәкемен байлап алғанына қарап жанкүйерлері алаңдап қалды.

Димаш алған жарақаты туралы ештеңе айтпаған, сндай-ақ оның әлеуметтік желілері де бұл туралы түсініктеме бермеген.

Әншінің жанкүйерлері оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп жатыр.

Другие новости

Back to top button