ГлавноеКультура

2025 жылы Оразаның қай күні басталатыны белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Рамазан айы 1 наурызда басталып, ал Ораза айт 30 наурызда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Фото: ҚМДБ

Еске салайық, бұған дейін Рамазан айы 11 наурызда басталып, 9 сәуірде аяқталғанын жаздық. ҚМДБ мәліметіне сәйкес, 2024 жылғы Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, 640 теңге болып белгіленді. Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5745 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8536 теңге) бергені жақсырақ.

Другие новости

Back to top button