Госорганы

Қазақстанда киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қаржы бөлінбейді – Ақпараттық қауіпсіздік комитеті

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Үмітжан Арықбекова киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қаржы бөлінбейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үмітжан Арықбекова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында кибермәдениетті қалыптастыру бойынша көп қаржы бөлінбейтінін айтады. Сөзінше, 2024 жылы 8 миллион теңге киберхабарландыру деңгейін есептеуге ғана арналған екен.

«Біз жыл сайын халықтың киберхабарландыру деңгейін өлшейміз. Былтыр бұл көрсеткіш 80% болған. Биыл бұл жұмыс жүргізілмеді. Себебі бізге 8 миллион теңге бөлінген, ал жұмыс жүргізу үшін өтініш білдірген компаниялар біздің талаптарға сай келмеді. Сондықтан байқау әлі жүріп жатыр. Жыл соңына дейін киберхабарламаны есептеу бойынша жұмыс істейтін компания табылса, 8 миллион теңгені осы бағытта жұмсаймыз. Бірақ комитетте киберқауіпсіздік үшін арнайы қаржы бөлінбейді. Бюджет тек штатқа арналған», – деді ол.

Сонымен қатар Үмітжан Арықбекова комитеттің сайтына жыл басынан бері неге тек екі ақпарат жарияланғанын да түсіндіріп берді.

«Бізде ақпараттар тек сайтта орналастырылмайы. Электронды үкімет порталында хабарлама жолдаймыз, бүгін-ертең барлық азамат осы хабарламаны алуы керек. Сайтымызға көп адам кіре қоймайтындықтан, Instagram-парақшаларда видеолар орналастырамыз. Алдағы уақытта бұл олқылықты жойып, сайтымызға да жеке деректерді қорғауға қатысты ақпараттарды жариялаймыз», — деді ол тілшіміздің сауалына жауап беру барысында.

Другие новости

Back to top button