Госорганы

Жылыту маусымы басталғалы 17 адам өрттен қаза тапты

Жылыту маусымы басталғалы тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі сақталмай, тілсіз жау адам өмірін жалмап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«1 қазаннан бастап жылыту кезеңі басталды. Тұрғын үй секторларында 100-ден астам өрт тіркеліп, 17 адам қаза тапты. Жарақат алғандар саны 13-ке жетті, оның ішінде 6 бала бар. Жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза тапты. Олардың көпшілігі Қарағанды, Ақмола, СҚО, ШҚО, Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында болған», — деді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында.

Оның дерегінше, өрттің өсуі Алматы, Астана, Шымкент қалалары және Алматы мен Маңғыстау облыстарында байқалады.

Другие новости

Back to top button