Сұйытылған мұнай газын әкетуге салынған тыйым тағы 6 айға созылды
Елдегі ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 2 мамырдағы №185 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай тыйым салынған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Энергетика министрлігі аталған шараны тағы 6 айға ұзарту жоспарланып отыр.
Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталына жарияланған.
Төмендегідей жағдайларды қоспағанда:
1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген) тауарларды әкетуді;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басталатын және аяқталатын өткізілетін транзиттік тасымалды.
Бұйрықты бекіткен жағдайда сұйытылған мұнай газын әкетуге тыйым салу 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап қолданысқа енеді.