Атырауская область

Атырау маңындағы ауылда пошта ғимараты отқа оранды (ВИДЕО)

Атырау қаласының маңындағы ауылда пошта ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖД МӘЛІМДЕМЕСІ

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт бүгін, 8 қазанда болған.

Таңертеңгі сағат 09:12-де Атырау қаласы маңындағы Томарлы ауылында орналасқан «Қазпошта» АҚ-ның филиалынан шақырту түсті. Шақырту орнына құтқарушылар жедел жетіп, ғимараттың төбе жабындысының өртенгенін анықтады. Жалын сағат 09:39-да оқшауланып, сағат 09:47-де толық сөндірілді, — деп хабарлады ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

ӨРТ НЕДЕН ТҰТАНДЫ

Өрттен ешкім зардап шекпеген. Пошта ғимаратындағы жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 15, апаттық медицина орталығынан 3 қызметкер, 1 техника тартылған.

Төтеншеліктер өрттің неден тұтанғаны туралы мәлімет берген жоқ. Жалынның салдарынан ауылдағы пошта ғимараты жарамсыз болып қалды.

Другие новости

Back to top button