Атырауская область
Атырауда 25 жастағы жігіт әке-шешесін өз қолымен өлтірген
Атырау облысында жан түршігерлік қылмыс болды: 25 жастағы жігіт әке-шешесін өлтіріп, артынан өзіне қол салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қанды қылмысты полиция растады.
Атырау облысы полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын-ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.