Госорганы
Енді «Ертіс орманында» бес жыл бойы ағаш кесуге болмайды
2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін «Ертіс орманы» резерватының аумағында ағаш кесуге болмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысының прокуратурасынан хабарлағандай, кезіндегі мораторий алынған соң, «Ертіс орманындағы» 1100 текше метрден астам ағаш заңсыз кесілген екен.
«Осыған орай орманды сақтау мақсатында Павлодар облысы прокуратурасының бастамасымен 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен бүкіл резерват аумағында ағаш кесуге тыйым салынды», — деп хабарлайды облыс прокуратурасы.