ГлавноеКультура

Абай Бегейдің бағын ашқан «Аспанға қараймын» әнінің авторы такси жүргізіп жүр (ВИДЕО)

Танымал әнші Абай Бегейдің бағын ашқан «Аспанға қараймын» өлеңіне ән жазып берген композитор қазір такси жүргізушісі болып жүр, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Композитордың аты-жөні — Дәуір Абайұлы. Күнкөріс қамы үшін ол қазір такси жүргізеді.

«Шынын айтқанда, қазір шығармашылықтан жырақтап қалдым. «Аспанға қараймын» әні хит болды. Бірақ, маған одан келген пайда «Қызылорданың Дәуір деген жігіті екен» деген халықтың сөзі ғана. Одан басқа байлығы да, пайдасы да болған жоқ. Абай Бегеймен қазір қарым-қатынасымыз қатты жақын деп те айта алмаймын. Бір-екі рет көмек сұраған соң «жоқ» деді, мен қойдым. Ол осы әннің арқасында жағдайын жасады. Бір хабарласып, «Дәке, қалайсың?» деп сұрауға болар еді. Ақшалай көмек сұрағанымда «жоқ» деді. Оған дейін де арамызда түсінспеушілік, кикілжің болғаны рас», — дейді композитор Дәуір Абайұлы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында.

Композитор қазір несиеге алған көлігімен күн көріп жүрмін дейді.

«Табысым өзіме жетеді. Несиеге алған көлік, айына 148 мың теңге төлеймін. Барлық несием 298 мың теңгеге тең. Күніне 10 мың теңге табамын. «Аспанға қараймын» әні Ұлықпан Жолдасовтың өтінішімен Абай Бегейге берілген болатын. Ұлықпан ағам «Абайдың жасы 40-қа келді, бірақ әлі хит әні жоқ» деген еді. Ол кезде Абайдың жағдайы жоқ болған. Шақырып алып, 5-10 мың теңгем бар еді деді. Артынан одан қанша алғанымды санаған да жоқпын. Солай ұмытылып кетті. Ол кездері Абайға қатты ренжіп жүрдім. Менің атымды жасыруға тырысты. Ол жағдайдан кейін әншілермен жұмыс істегім қалмай қалды. Үкімет тарапынан гонорар түсіп тұрды. Соңғы 6-7 жылда ол да тоқтап қалды. Сондықтан жан-жақтан нәпақа іздеп, такси жүргізушісі болып кеттім», — дейді Дәуір Абайұлы.

Другие новости

Back to top button