Белгілі әнші Айгүл Иманбаева емханада құрсағын тексертіп жатқан видеосын Instagram парақшасына жүктеп, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет»,- деген әнші бейнежазбаға сәбидің дауысы мен суретін қойып.
Әншінің көрермендері оның сәбилі болуына тілекші болып, ақ ниетпен тілегін жаудырған.
«Айгүл ханым, келесі жылы осы уақытта шілдехана, бесік той болсын», «құтты болсын», «аман- есен қолыңызға алыңыз», «бөпелі болыңыз», «екіқабат екен деп ойлар қалдым, солай болғай», деп жазып жатыр көпшілік.
«Мен қазір Ыстамбұл қаласындамын. Бұл жаққа келуімнің себебі денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда Check Up», — деп жазды әнші.
Айта кетсек, Айгүл Иманбаева таяуда бақытын тауып, екінші рет тұрмысқа шыққан болатын.