Актюбинская область
Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған
Ақтөбе облысының прокуратурасы әлеуметтік желі арқылы ішкі ағзасын 9 млн теңгеге сатқысы келген азаматты анықтап, оны қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Дереккөзге сүйенсек, «Е» есімді азамат әлеуметтік желіге хабарландыру беріп, ағзасының бірін 9 млн теңгеге бағалаған.
«25 қыркүйек күні прокурорлар Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірге ол адамды қолға түсірді. Қылмыстық кодекстің 116 бабы бойынша тергеу басталды», — деп хабарлайды прокуратура.