ГлавноеГосорганы

Тоқаев Руанда президентінің арнайы өкілін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада Руанда Президентінің арнайы өкілі Жан Поль Ньирубутаманы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы өкілге ілтипат білдіре отырып, Руанда Президенті Поль Кагамеге сәлемін жолдады. Мемлекет басшысы Руанда тарапының Қазақстанмен көп жоспарлы серіктестікті нығайтуға ықылас танытып отырғанына ризашылық білдірді.

«Президент Африка елдерімен ықпалдастықтың қарқынында оң динамика бар екенін атап өтіп, Руандамен арадағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастың көкжиегін одан әрі кеңейтудің маңыздылығына назар аударды. Осы орайда Мемлекет басшысы жуырда қол қойылған Қазақстан мен Руанда арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімді жоғары бағалады», — деп хабарлады Ақорда.

Жан Поль Ньирубутама қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бүгінде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Другие новости

Back to top button