Госорганы
Пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан күдіктілер анықталды
Жас сарбаздың таяқ жеген видеосы әлеуметтік желіде таралған болатын. ІІМ мәліметінше, бұл 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйге оралған кезде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.
Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды.
Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданды.
Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында.
Айта кетейік, Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам әскери киімдегі жігіттің жағасынан алып, бірнеше рет соққы жасаған.