Атырауская область

Атыраудан 140 км. Каспий теңізінде жер сілкінді

Геотегтерге сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы Атыраудан 140 шақырым жерде Каспий теңізінде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Магнитудасы 4,3 болды. Жер сілкінісі 1,7 шақырым тереңдікте тіркелген.

ДАЙЫНБЫЗ БА

Техногендік сипаттағы күшті жер сілкінісінен сақтану үшін теңіз бен құрлықта геодинамикалық тексеріс жүргізілуі керек екен.

Теңіз бен Қашағанда «қара алтын» өндірілуде. Бірақ, жер сілкінісі бола қалса, дайынбыз ба? Теңіз астынан мұнай алынып жатыр. Ал, егер жер сілкінсе, сол теңіздің суы қалаға келіп, быт-шытын шығаруы әбден мүмкін ғой, — деп алаңдайды осыдан жиырма жыл бұрын Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінде басшы болған Қажымұрат Хайрошев.

Демек, мұнай-газ кен орындарына жақын орналасқан елдімекен тұрғындарына қауіп жоқ па, соны жіті тексеру керек-ақ. Бір «әттеген-айы», Маңғыстауда зерттеу жұмыстарын жүргізетін сейсмикалық станса жоқ.

Другие новости

Back to top button