Госорганы

Әлемде коронавирустың жаңа түрі – ХЕС тарады: ғалымдар дабыл қағып жатыр

Зерттеушілер әлемге коронавирустың жаңа түрі – ХЕС тарады деп дабыл қағып жатыр. Жақында ол коронавирустың негізгі түріне айналып, алдыңғысын басып озбақ деген болжам бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBС-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.

«Ковидтің бұл түрі алғаш рет маусым айында Германияда пайда болған. Кейін Ұлыбритания, АҚШ, Дания елдерінен табылды», — деп жазды Scripps Research институтының директоры, америкалық ғалым Эрик Топол твиттер парақшасында.

Оның айтуынша, ХЕС жаңа ғана басталып жатыр, бірнеше апта мен бір-екі ай өткен соң, күшіне мініп, сырқаттың жаңа толқыны туады.

Мутацияланған ХЕС өткен ковид вирусына қарағанда тезірек тарайды. Ғалымдар қазіргі қолданыста бар вакциналар бұл вирустан келетін ең ауыр зардаптардың алдын алады деп отыр.

Ұлыбритания ғалымы Франсуа Балудың сөзінше, алдағы қыста ХЕС коронавирустың негізгі түріне айналуы бек мүмкін.

Другие новости

Back to top button