Спорт

«Әкем мені ұл болады деп ойлаған»: Назым Қызайбай отбасы туралы айтты

Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай отбасы туралы сырын айтты. Спортшының сөзінше, әкесі «Назымды» ұл болады деп ойлаған екен. Бұл туралы ол 7 арнаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Назым Қызайбай – отбасының үшінші баласы. Өзінен үлкен ағасы мен әпкесі бар. Алайда әкесі Назымды ұл болады деп үміттенген екен.

«Анамның айтуы бойынша, әкем ұл күткен екен. Жалпы мен бала күнімнен ұлдармен жақсы тіл табысатынмын. Солармен асық атып, футбол ойнап жүретінмін. Қуыршақпен ойнау маған қызы емес болатын», — деді спортшы.

Другие новости

Back to top button