Госорганы
Алматы облысында сібір жарасын жұқтырғандар саны 11 адамға жетті
Алматы облысының Ұйғыр ауданында сібір жарасының 11 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
9 қыркүйектегі жағдай бойынша сібір жарасы күдігімен 16 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 11-інде диагноз расталды.
“Төртеуінің нәтижесі теріс, тағы бір науқастың анализі нақтыланып жатыр. Науқастардың барлығына қажет ем қабылданып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты», – делінген әкімдіктің хабарламасында.
Үлкен Ақсу ауылында карантин енгізілді. Әкімдік эпидемиологиялық ошақты оқшаулап, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық шара қабылданғанын айтып отыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да «ауру ушығып жатқан жоқ, жағдай бақылауда» деп атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен 4 адам ауруханаға жеткізілгені айтылды.