Социум
Дәулескер күйші ЦОН-ның атауын дұрыс тәржімалауды ұсынды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Нүркен Әшіров ЦОН-ның атауын дұрыс тәржімалауды ұсынды, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«ЦОН = ХҚКО. Неге ХҚО емес? «Қызмет көрсету» екі сөзден тұрғанымен бір ғана әрекетті сипаттамай ма? ХҚО-да кезекте отырғанда келген ой. Тіл мамандары, жалпы, қазақтар не дейді?», -деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Сондай-ақ, күйші орысшадан калька аудармаға салмай, түсінікті сөз тіркесі болғаны жөн екенін айтады.
«Орысшадан тура аудармай-ақ «Халыққа қызмет» орталығы дей салса, ешкім келіп, «түсінбей тұрмын» демес», дейді ол.