Боксшы Жаңқош Тұрар мен Әнару Қалдыбекқызы арасындағы дау қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Осыған байланысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір айтып, болжам жасап жатқандар көп. Кейбіреулері «қыздың әкесі қайда, неге көмектеспейді?» деп жазды. Соған жауап ретінде Жұлдыз Төлеу атты желі қолданушысы ақпарат берді.
Кеше, айтпақшы, белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлі ағамен сөйлестім. Қызы Әнаруға қатысты жағдайды сұрадым. Ағамыз қазір ауылға, қара шаңыраққа көшіп кеткен екен. «Бұл Қалдыбек мына өмірде не көрмеді дейсің, қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын, күресемін» дейді. Әнару өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ бопты. Қызыма күнде хабарласып қолдау көрсетіп отырмын дейді – деп жазды желі қолданушысы.
Естеріңізге сала кетейік, белгілі боксшы Жаңқош Тұраров «қыз зорлады» деген күдікке ілінген еді. Полицияның хабарлауынша, істі Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция департаменті қозғаған.
Ал боксшы өзіне негізсіз айып тағылғанын айтты.
Боксшы зорлады деген әйел БАҚ-қа сұхбат беріп, алты жыл бойы алданып келгенін мәлімдеген.