Бизнес

Ozon Қазақстан айналымы 2024 жылдың екінші тоқсанында 6,5 есе өсті

 Ozon 2024 жылдың 2тоқсанындағы аудиттелмеген қаржылық нәтижелерін жариялайды. Қызметтерді қоса алғанда, Ozon айналымы (GMV) жылына 70%-ға өсіп, 3,4 трлн теңгеден асты. Сол кезеңдегі Ozon Қазақстан айналымының одан әрі қарқынды өсуін көруге болады ‒ көрсеткіш өткен жылдың 2тоқсанының нәтижелерімен салыстырғанда 6,5 есе ұлғайды

Ozon өңірлерге бағытталған платформа мен логистикалық инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуды жалғастыруда. Осының арқасында жыл сайынғы белсенді сатып алушылар саны үштен бір бөлікке өсті – 2023 жылдың 2-тоқсанындағы 39,5 миллионға қарсы 51,1 миллион адам. Қазақстандағы сатып алушылар саны одан әрі тез өсті – 2024 жылдың 2-тоқсанының қорытындылары бойынша 2023 жылдың 2-тоқсанының нәтижелерімен салыстырғанда олардың саны 6 есеге артты. Аудиторияның адалдығы да айтарлықтай ұлғайды: тоқсанның қорытындылары бойынша әрбір сатып алушы Ozon-да орта есеппен жылына 24 рет тапсырыс жасайды. Нәтижесінде, 2024 жылдың 2-тоқсанында компания 334,8 миллион тапсырысты жеткізді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға көп. Қазақстанда тапсырыстар саны да қарқынды өсуімен ерекшеленеді: компания өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 есе көп тапсырыстар жеткізді.

Жоғары өсу көрсеткіштеріне қол жеткізу платформаны дамытуға салынған инвестицияларға, сондай-ақ жалпы ауданы 2024 жылғы 2-тоқсанның қорытындылары бойынша 2,8 млн шаршы метрге жеткен логистикалық инфрақұрылымның кеңеюіне байланысты. Ozon Қазақстан 2021 жылдан бастап елімізде логистикалық инфрақұрылымды дамытып келеді. Қазір компанияның логистикалық қуаттылығы республикада 2 фулфилмент-орталықты және Алматы мен Астанада 2 сұрыптау орталығын, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкентте 4 сұрыптау орталығын қамтиды. 2024 жылдың 2-тоқсанында бүкіл ел бойынша Ozon тапсырыстарды беру пункттерінің саны жылына 15 есе артты.

Компанияның кірісі 2024 жылдың 2-тоқсанының қорытындылары бойынша жылына негізінен жарнамалық және қаржылық қызметтерді белсенді дамыту есебінен 31%-ға өсті. 2024 жылдың екінші тоқсанындағы жалпы пайда 2023 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 59%-ға артып, 83 млрд теңгені құрады. Компания операциялық тиімділікті арттыруды жалғастыруда: ағымдағы жылдың екінші тоқсанындағы операциялық шығыстардың үлесі 2023 жылғы 4,9%-бен салыстырғанда 4,5%-ға дейін төмендеді.

Есепті кезеңде Ozon дамуға белсенді инвестиция салды, сонымен қатар операциялық персоналға жұмсалатын шығындарды ұлғайтты, осыған байланысты есепті кезеңде түзетілген EBITDA теріс болды және 3,7 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, 2024 жылдың 6 айында жинақталған қорытындымен түзетілген EBITDA оң болып, 46 млрд теңгеден астам сомаға жетті. Компания 70% шамасындағы 2024 жылға арналған GMV өсу болжамын сақтайды және толық жыл қорытындысы бойынша оң түзетілген EBITDA күтеді.

 

Ozon — дамыған логистикалық желісі бар көп санатты маркетплейс. Компания Қазақстанда, Арменияда, Беларусьта, Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Әзірбайжанда, сондай-ақ Қытай мен Түркияда бизнес жүргізеді. Алаңда кітаптар мен киімдерден бастап азық-түлік пен денсаулық сақтау тауарларына дейін 20-дан астам санаттағы 370 миллионнан астам тауар атаулары бар. 51,1 млн белсенді сатып алушылар қазірдің өзінде Ozon-ның дамыған логистикалық инфрақұрылымының көмегімен тапсырыстарын алуда, бұл сонымен қатар 550 мың кәсіпкерге өз тауарларын Ресейде және ТМД елдерінде сатуға мүмкіндік береді.

 

Другие новости

Back to top button