Выбор редакцииИнтервью

Бәріміз допинг қабылдадық – ӘЧ «күміс» жүлдегері Алмас Өтешов ағынан жарылды

Лондон Олимпиадасына қатысқан, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатның «күміс» жүлдегері Алмас Өтешов өмірдің қиындығымен бетпе-бет келгенін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДОПИНГ ЖАЙЛЫ

Ауыр атлет қазір күзетші болып жүр. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында оған допинг дауы жөніндегі сұрақ қойылады.

– Допинг деген дәрі жоқ. Аспирин ішсең де ол допинг болып саналады. Бірақ оның ішінде тестостерон бәрін салады. Допингті тексеретіндермен біздің министрлік келіседі. Ақша бәрі. Бізді тексеруге келгенде «двойник» деген болады бізде. Менің «двойнигім» Айдос деген мысалы інім болды. Алмас Өтешов болып ол тест тапсырады. Илья Ильиннің ағасы бар – Алексей тапсырады. Олар таза болып шығады. Бәрі жемқорлық, – дейді ол.

ӘЧ жүлдегері мәселен, қаңтарда әлем чемпионаты болса, қаңтарға дейін допинг толығымен қабылдаймыз деп мойындайды.

 

– Мойындаймыз. Препарат көп – тестостерон, пропианат, тернобол, таблеткалар, гармональды таблеткалар. Онсыз көтере алмайсың. Мысалы таза өз ағзаммен 200 келі көтерем болды. Потолок. Анау препараттардың бәрін ішіп, 230 келі көтерем. Не ішіп, не салып жатқанын бәрін білесің ғой. Ол кезде Арыстанбек Мұхамедиұлы болды. Талғат Ермегияев болды. Система біреу ғой. Мажарстаннан тексеруге келеді. Бәрі хабардар ғой. Мысалы сен Талғат Ермегияевсің. Допинг-бақылауға тексеріс келеді. Министр болсаң барасың да келісесің. «Мә, саған 1 млн доллар», бітті, кетеді. Талғат Ермегияев сыйлаймын. Оны қамап тастамағанда біз де допингтен кетпейтін едік.

Илья Ильиннің де допинг қабылдағаны өтірік емес. Бәріміз допинг қабылдадық. Дәріні өзіміз болып ішпейміз. Медициналық жауапты маман, аға бапкер, бас бапкер бар. Солар бізге береді. Бәріне кінәлі Алексей Ни. Соны соттау керек. Қазір қайда ол? Жоқ. Бәрін істеген сол, – дейді Өтешо.

ШЫДАМАЙ АСЫЛЫП ӨЛДІ…

– Қазақта «ердің басына күн туса етігімен су ішер» дей ме?! Сондай болып жатыр қазір. Не айтам, бауырым… Бір көтерілсек, бәрі қолпаштайды, бір сүрінсек, бәрі жек көріп кетеді. Мен осыны түсінбедім. Қолымнан келгенінің бәрін істедім, бауырым. 230 келіні көтеру деген оңай емес ол. Соны көтердік қой. Қазір белімнен төрт жерден грыжамын. Жүрмін. Не айтам енді. Қазақ халқыма. Қазағымды жақсы көрем өзім. Бірақ билікке көтерілсең, сені бәрі қолпаштайды да, төмен құласаң, қасыңда ешкім болмайды екен. Кезінде біз Илья Ильин бәріміз көтердік. Соған шыдамай Седов пен Линдер дарға асылып өліп қалды ғой…, – дейді Өтешов.

Ауыр атлет Будапештте соттасып, 50 мың доллар төлегенін айтады.

Ұлттық құрамадағы допинг дауының көбі Алексей Ни бас бапкер кезінде болды. Сарапшылар мен жанкүйерлер спортшылардың допинг дауына ілінгеніне осы маманды айыптайды.

Олимпиадада алтын алған атлеттер, оның ішінде Нижат Рахимов те бар, мемлекеттен 250 мың доллар сыйақы, пәтер, автокөлік алған еді. Кейін олар допингпен ұсталған соң жұрт спортшылардан ақшаны қайтарып алуды талап еткен. Бірақ билік допингпен ұсталған спортшылардың сыйақысын қалдырған.

Другие новости

Back to top button