Карагандинская область

Қарағандыда балалар бассейнін салуға бөлінген 130 млн теңге ұрланған

Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражаты – 130 млн теңгеден астам сома ұрланған. Балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу амалдарын бастады. Ұсталған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған.

«Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген. Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот «үй қамаққа алу» шарасын қолданды», — деп хабарлады ҚМА.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді.

Другие новости

Back to top button