Госорганы

Табысы 68 миллион теңге: Ұлытау облысында «MetaGo» қаржылық пирамидасын жарнамалағандарға қатысты тергеу аяқталды

Қаржылық мониторингі агенттігі «MetaGo» қаржылық пирамидасын жарнамалап, оған басшылық еткендерге қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан. Сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған.

“Олар облыс тұрғындарына жоғары табыс уәде етіп, инвестицияларын тартқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс мөлшері 68 млн теңгеден асқаны белгілі болды. Сондай-ақ 37 млн теңгеден астам соманың мүлкіне тыйым салынды”, – делінген хабарламада.

Агенттік қылмыстық процестік кодестің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттың жария етілмейтінін мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button