Главное

Париж олимпиадасы билеттер сатылымы бойынша рекорд орнатты

Санаулы күннен соң басталатын Париж олимпиадасы билеттер сатылымы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париж олимпидасына 8,8 миллион билет сатылып, рекорд орнатылды. Мұндай сатылымдар осы уақытқа дейін Олимпиаданың рекорды болып саналады. Рекордтық көрсеткіш туралы жаңалықты журналистерге  Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл хабарлаған. Бұған дейін ең көп билеттер 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылса керек. Ол кезде спорт жанкүйерлері 8,3 миллион билет сатып алған.

Париждегі олимпиада ойындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қызметтердің 30 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылып, Олимпиада қалашығында 166 делегация тіркелген.

Айта кетейік, Париж олимпиадасына Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады. Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

Другие новости

Back to top button