Кызылординская область
Қызылордада жиырма жастағы әйелін өлтірді деген күдікті ұсталды
Қызылорда облысында 25 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
21 шілде күні таңғы сағат 6.00-де Қызылорда облысы Шиелі ауданы Майлытоғай ауылына қарасты қойшы ауылда 20 жастағы әйелдің мәйіті табылған. Марқұмның денесінде жарақаттар болған. Жергілікті полиция күдіктіге алдымен іздеу жариялап, кейін оны қолға түсіргенін хабарлады.
«Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды», — деді облыстық полициядан.