Жетысуская область
Талдықорғанда кісі өлтірді деп күдіктелген 50 жастағы әйел ұсталды
24 тамызда қаладағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Polisia.kz мәліметінше, 24 тамызда кешкі уақытта қаладағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның денесі табылды. Кісі өліміне күдікті ретінде 50 жастағы әйел ұсталды.
Күдіктінің бұрын да ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ауыр қылмыстың ішімдік пайдаланылған отырыс барысында болғаны анықталды.
«Кісі өлтіру қаруы ретінде қолданылған ас үй пышағы қылмыстық іс материалдарына тігілді. Күдікті деп танылған әйел қамауға алынды», — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.