Социум

Бельгиядағы Жәнібекті асырап алған шешесі әдейі ұйқыға кетіп, көз жұмды (ВИДЕО)

Бельгиядағы қазақ баласы Жәнібекті асырап алған Валери есімді әйел эвтаназия тәсілін, яғни, өзін әдейі өлтіру тәсілін қолданып, көз жұмған. Бұл туралы журналист Қымбат Досжан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қымбат Досжанның айтуынша, соңғы уақытта ұзақ ауырған әйел 54 жаста болған.

«Жәнібекті асырап алған Валери бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды», — деп жазды Қымбат Досжан.

Жәнібектің өзі болса асырап алған анасы туралы әзірге пост жарияламаған. Бірақ, сторис түсіре отырып, қазір қатты қиналып отырғанын, есін жиған соң, соңғы үш айда болған жайттар туралы видео жариялайтынын айтқан.

Сөз соңында ол өзінің туған анасын табудан әлі де үмітті екенін жазған.

Другие новости

Back to top button